Dunaliella pseudosalina D-701
Chlorophyta › Chlorophyceae › Chlamydomonadales › Dunaliellaceae › Dunaliella

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Моңғолия
- Оқшаулау орны: ҒА Биотехнология институтының коллекциясымен ұсынылған
- Соңғы анықтама: Заядан Б.К., Ақмұханова Н.Р. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология зертханасында, 2015
- Коллекцияға түскен жылы: 2001
- Бөліп алу әдісі: коллекциялық штамм
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Дақылдың жағдайы: Аксенді
Морфологиясы мен құрылымы
біржасушалы, қозғалмалы организм; өсіру жағдайларына байланысты түсі жасыл немесе сары-жасыл болуы мүмкін. Жасушалары сопақша немесе кең жұмыртқа тәрізді, ұзындығы шамамен 11–23 мкм, ені 6–16 мкм. Жасушада бір ірі тостағанша тәрізді хлоропласт болады, оның құрамында айқын пиреноид орналасқан. Жасушаның алдыңғы ұшында екі талшық орналасады; олардың ұзындығы шамамен жасуша ұзындығынан 1,5 есе артық.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: Артари ортасы (сұйық және агарланған)
- Температура: 26–28 °C
- Жарық қарқындылығы: 50–100 мкмоль фотон/м²/с
- Жарық режимі: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
- pH: 6,5–7,0
Физиологиялық ерекшеліктері
гетероталды галофил, мезофил, көбіне термофил, жарықсүйгіш автотроф; β-каротинге бай.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
Сұйық және 1,5–2,0 % агарланған Артари минералды ортасында сақталады. Сақтау температурасы 10–12 °C, жарықтандыру қарқындылығы 10–20 мкмоль фотон/м²/с, фотопериод 12:12 сағ (жарық/қараңғылық). Дақылды ауыстырып отыру қажеттілігіне қарай, бірақ 2–4 айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Қолданылу аясы
іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.


