← Артқа
Толық оқу· farabi.university
farabi.university
AlgaBioTech халықаралық инновациялық орталығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзекті жаһандық сын-қатерлерді шешу үшін халықаралық ынтымақтастық орната отырып, Орталық Азиядағы жетекші ғылыми-зерттеу орталығы ретіндегі позициясын нығайтуда.
Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – Қазақ-Жапон-Қытай AlgaBioTech ғылыми-зерттеу орталығының құрылуы. Бұл ауқымды жобаны жүзеге асыру халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және озық технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлетін университет ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың белсенді қолдауының арқасында мүмкін болды.


