Еңбек өтілі
| 2026 жылдан қазіргі уақытқа дейін |
«Қолданбалы биотехнология» кафедрасының сеньор-лекторы, «Алматы технологиялық университеті» АҚ. |
| 2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, «Биотехнология» кафедрасы, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері. |
| 2018–2022 жж. |
Шарманов атындағы Қазақ тағамтану академиясы жанындағы «Нутритест» ЖШС сынақ зертханасының жетекші микробиологы. |
| 2016 ж. |
«VIVA PHARM» ЖШС микробиологы. |
| 2014–2015 жж. |
«VELD» компаниясында зертханалық жабдықтар жөніндегі менеджер. |
Білімі
| 2023–2026 жж. |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторанты. |
| 2016–2018 жж. |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Биотехнология» мамандығы бойынша техника және технология магистрі. |
| 2010–2014 жж. |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «5В060700 – Биология» мамандығы бойынша бакалавр. |
Біліктілікті арттыру курстары және ғылыми тағылымдамалар
| 2017 ж. |
Прага қаласындағы Чех техникалық университетінің биотехнология және микробиология зертханасында ғылыми-зерттеу тағылымдамасы. |
| 2020 ж. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК филиалында «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша «Жалпы микробиологияның өзекті мәселелері» тақырыбында 54 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті. |
| 2025 ж. |
Йылдыз техникалық университетінде (Yıldız Technical University, Стамбул, Түркия) докторлық диссертация аясында зертханалық зерттеулер жүргізу, биологиялық көрсеткіштерді анықтау және талдау, сондай-ақ микробиологиялық және биотехнологиялық талдаудың заманауи әдістерін меңгеру бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. |
Жарияланымдық белсенділігі
Scopus және Web of Science халықаралық ғылыми дерекқорларында индекстелетін ғылыми мақалалардың авторы және бірлескен авторы. Соңғы 3 жылда: Scopus және Web of Science базаларында индекстелген 12 ғылыми жарияланымның авторы және бірлескен авторы.