
Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері
Ахметова Гүлнәз Асқарқызы
Техника ғылымдарының магистрі
Түйіндеме
Жұмыс тәжірибесі
| 2022 – қазіргі уақытқа дейін | 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы. |
| 2024 – қазіргі уақытқа дейін |
Кіші ғылыми қызметкер, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ. |
| 2024–2026 |
ҚазҰУ Хабаршысы, Экология сериясы (Eurasian Journal of Ecology) журналының техникалық редакторы. |
| 2021–2022 |
Зертхана меңгерушісі, Биологиядағы физика-химиялық зерттеу әдістері зертханасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ. |
| 2018–2019 |
Биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы, Биология және биотехнология факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ. |
| 2017–2018 |
Биофизика және биомедицина кафедрасының ассистенті, Биология және биотехнология факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ. |
| 2016–2021 | Биологиядағы физика-химиялық зерттеу әдістері зертханасының маманы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ. |
| 2013–2014 | «Таза су» ЖШС зертханасының кіші ғылыми қызметкері, Алматы қ. |
Білімі
| 2022–2025 | Докторантура (PhD), 8D05105 – Биотехнология, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ |
| 2014–2016 | Магистратура, 6М070100 – Биотехнология, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ |
| 2010–2014 | Бакалавриат, 5В060800 – Экология, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ |
Біліктілікті арттыру курстары және тағылымдамалар
| 2024 | Ресей ғылым академиясының Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетика институтында (РҒА ЖГИ) тағылымдама, Мәскеу қ. |
Жобаларға қатысу және жобаларға жетекшілік ету (гранттық қаржыландыру)
АР32521343 «Микробалдырлар мен бактерияларды пайдалана отырып, ластанған су экожүйелерін кешенді бағалау әдістерін әзірлеу» / әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ; жоба жетекшісі – Г.А. Ахметова. – Алматы, 2026–2028.
АР23485836 «Потенциальды биоотын өндіруге альго – цианобактериялық консорциумы негізінде мұнай өнімдерімен ластанған ағынды суларды биоремедиациялау технологиясын әзірлеу»» / әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ; жоба жетекшісі – К. Болатхан. – Алматы, 2024–2026.
АР23485416 «Қолданбалы зерттеулерде пайдалану үшін микробалдырлар мен цианобактериялар коллекциясының биобанкін құру және олардың биотехнологиялық потенциалын зерттеу» / әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ; жоба жетекшісі – Б.К. Заядан. – Алматы, 2024–2026.
Жарияланымдық белсенділік
14 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 8 ғылыми мақала және 6 тезис бар. Отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланған еңбектері бар, соның ішінде Scopus деректер базасында индекстелетін Q1 квартильді журналда жарияланған мақала бар. Ғылыми жарияланымдарының негізгі бағыттары: микробалдырлар мен цианобактериялар биотехнологиясы, экологиялық биотехнология, биомониторинг және ластанған су экожүйелерінің биоремедиациясы. h-index = 1.


