
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биотехнология кафедрасының доценті
Кирбаева Дарига Кенжебаевна
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Түйіндеме
Жұмыс тәжірибесі
| 2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының доценті |
| 2011 - 2025 | Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы |
| 2008–2011 | Микробиология кафедрасының оқытушысы |
| 2007–2008 | Микробиология кафедрасының ассистенті |
| 2003-2007 | Микробиология кафедрасының маманы |
| 2000-2001 | Биология факультеті деканатының әдіскері |
| 1992-2000 | Микробиология кафедрасының лаборанты |
Білім
| 2009 | 03.00.23 – биотехнология мамандығы бойынша " Биотехнологияға маңызды цианобактерия Spіrulіna platensіs-тің өнімді штамдарын сұрыптап алу, өсіру және қолдану" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. |
| 2025 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің доценті ғылыми атағын алды. |
Гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының орындаушысы
- AP05131743 «Фототрофты микроорганизмдерді пайдалана отырып, ластанған су экожүйелерінің жай-күйін биомониторингтеу және болжау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу» (2018–2020 жж.).
- AP08052402 «Азот сіңіруші цианобактериялар негізінде биотыңайтқыштар алу технологиясын әзірлеу» (2020–2022 жж.).
- AP09260077 «Сұйық отын – биобутанол өндіру үшін отандық микробалдырлар коллекциясының биотехнологиялық әлеуетін зерттеу» (2021–2023 жж.).
Жарияланымдық белсенділігі
70-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 оқулық пен 1 монографияның, өнертабыс пен пайдалы модельдерге арналған 15 патенттің авторы. Ғылыми жарияланымдары Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстеледі. Соңғы 5 жылдағы көрсеткіштері: 11 ғылыми жарияланым, 69 дәйексөз, h-index = 4.


