
Биотехнология кафедрасы меңгерушісінің м.а., қауымдастырылған профессор
Сарсекеева Фариза Құдайбергенқызы
Философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент)
Түйіндеме
Жұмыс тәжірибесі
| 2026 жылдан қазіргі уақытқа дейін | Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы |
| 2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін | Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры |
| 2019 – 2025 | Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті биотехнология кафедрасының аға оқытушысы |
| 2016 – 2019 | Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Технология және биоресурстар факультетінің аға оқытушысы |
| 2012 – 2016 | Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері |
| 2005 – 2012 жж. | Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің микробиология кафедрасының маманы |
Білімі
| 2001 – 2005 | Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология факультеті. Мамандығы – биология, біліктілігі – биология бакалавры. |
| 2006 – 2008 | Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология факультеті. Мамандығы – биотехнология, біліктілігі – техника және технология магистрі. |
| 2012 – 2015 | Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультеті. Мамандығы – биотехнология, біліктілігі – философия докторы (PhD). |
Біліктілікті арттыру курстары және тағылымдамалар
| 2013 | Ресей ғылым академиясының К. Тимирязев атындағы өсімдіктер физиологиясы институтында (Мәскеу, РФ) «Жасушаішілік реттеу» зертханасында тағылымдамадан өтті |
| 2014 | Шыңжаң университеті (Үрімжі, ҚХР), микроорганизмдер биотехнологиясы зертханасы |
Жоба жетекшісі (гранттық қаржыландыру)
AP13068051 «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігін арттыру үшін микробалдырлар мен цианобактериялар штамдары негізінде биопрепараттар алу технологиясын әзірлеу» / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ – Алматы – 2022–2024 жж.
AP26101745 «Ауыл шаруашылығында органикалық тыңайтқыш және өсімдік биостимуляторларын алу үшін цианобактериялар штамдарын қолдану» / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ; жетекшісі Б. Қ. Заядан. – Алматы – 2025–2027 жж.
Жарияланымдық белсенділік
60-тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 1 оқу құралы және 1 монография, өнертабыстар мен пайдалы модельдерге 3 патент. Жарияланымдары Scopus және Web of Science базаларында индекстелген: 10 жарияланым, 228 дәйексөз, h-индексі = 6.


