Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биотехнология кафедрасының доценті

Акмуханова Нурзия Рахмедиевна

Биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Түйіндеме

Жұмыс тәжірибесі

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының доценті
2015 - 2019 Биотехнология кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
2007–2015 Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы
09.2005–01.2007 Биология факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
09.2004–07.2005 Микробиология кафедрасының оқытушысы
01.2004–09.2004 Микробиология кафедрасының маманы

Білім

2004 03.00.16 – Экология және 03.00.07 – Микробиология мамандықтары бойынша "Алматы қаласының ластанған қалдық суларын биоиндикациялаудағы және тазартудағы микробалдырлардың рөлі" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
2019 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің доценті ғылыми атағын алды.

Біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өту курстары

2015 -2025

Зерттеу саласындағы тағылымдамалар

  • ALGATECH Орталығы, Микробиология Институты, чехия Ғылым Академиясы-2023,2024,2025.

  • Ноксвиллдегі Теннесси университеті, Биохимия, Жасушалық Және Молекулалық Биология Кафедрасы (АҚШ) – 2025;

  • Токио Ғылым Университеті, Токио, Жапония-2015.

Жоба жетекшісі (гранттық қаржыландыру)

  • AP14870201 «Ауыл шаруашылығы биотехнологиясында пайдалануға перспективалы цианобактериялардың жаңа екіншілік метаболиттерін іздеу және зерттеу». / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты; 2022–2024 жж.

  • AP23488308 «Пестицидтердің биодеградациясындағы микробалдырлар мен цианобактериялардың биотехнологиялық әлеуетін зерттеу және олардың топырақ құнарлылығын арттыруға әсері». / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты; 2024–2026 жж.

Жарияланымдық белсенділігі

60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 оқулық пен оқу-әдістемелік құралдың, 8 монографияның, өнертабыс пен пайдалы модельдерге арналған 10 патенттің авторы. Ғылыми жарияланымдары Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстеледі. Соңғы 5 жылдағы көрсеткіштері: 24 ғылыми жарияланым, 239 дәйексөз, h-index = 9.