← Артқа
QCCPM-CY-073
Spirulina maxima ZS-2026
Cyanobacteria › Cyanophyceae › Oscillatoriales › Microcoleaceae › Arthrospira

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
- Оқшаулау орны: Балқаш көлі.
- Тіршілік ортасы: тұзды.
- Бөліп алған: Заядан Б.Қ., Санатов С.С. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология зертханасында.
- Коллекцияға қабылданған жылы: 2026.
- Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Дақылдың жағдайы: Аксенді.
Морфологиясы мен құрылымы
Трихомалар бозғылт көк-жасыл, геометриялық тұрақты спираль құрайды. Биомассаны өсіру кезінде трихомалар тән лас қара-жасыл кластерлерді құрайды.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: Заррук ортасы (сұйық және агарланған)
- Температура: 27–30 °C
- Жарық қарқындылығы: 50–150 мкмоль фотондар/м²/с
- Фотопериод: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
- pH: 8,0–10,0.
Физиологиялық ерекшеліктері
Мезофил, автотроф.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
Сұйық және 1,5–2,0 % агарланған Заррук ортасында сақталады. Сақтау температурасы 10–12 °C, жарықтандыру қарқындылығы 10–20 мкмоль фотондар/м²/с, фотопериод 12:12 сағ (жарық/қараңғылық). Дақылды ауыстырып отыру қажеттілігіне қарай, бірақ 2–4 айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Қолданылу аясы
Іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.


