Nostoc calcicola TSZ 2203
Cyanobacteriota › Cyanophyceae › Nostocales › Nostocaceae › Nostoc

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
- Бөліп алынған орны: Алматы облысы, Шонжы кентінің ыстық бұлақтары.
- Тіршілік ортасы: Термалды су экожүйесі.
- Бөліп алғандар: Сандыбаева С.Қ., Заядан Б.К., Какимова А.Б., Болатхан К., Тоқтыбай А.К., Сейілбек С.Н. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
- Коллекцияға қабылданған жылы: 2023.
- Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Штаммның жағдайы: аксенді.
Морфологиясы мен құрылымы
Интеркалярлы және терминалды гетероцисталары бар жіпшелі цианобактерия. Гетероцисталары жұмыртқа тәрізді, шар тәрізді немесе эллипс тәрізді, ені 1,54–3,37 мкм, ұзындығы 3,21–6,19 мкм. Акинеталары гетероцисталардың арасында қатар түзіп, центрифугалды бағытта қалыасады.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: Байланысқан азотсыз BG-11₀ ортасы
- Температура: 28 ± 2 °C
- Жарық қарқындылығы: 53 мкмоль фотон·м⁻²·с⁻¹
- Жарық режимі: 12:12 сағ (жарық/қараңғы)
- pH: 7,5
Физиологиялық ерекшеліктері
фотоавтотроф; гетероцисталы азот бекітуші цианобактерия; аэробты фототроф
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
BG-11₀ сұйық ортасында 2–3 ай сайын қайта егу арқылы сақталады. Кептірілген биомасса 4 °C-та қараңғы және құрғақ жағдайда сақталады.
Депонирлеуге қатысты ақпарат
2023 жылғы 19 қазандағы № 09/12-250 сертификат. Тіркеу нөмірі: RKM 1061
Генетикалық ақпарат
Молекулалық сәйкестендіру 27F/1492R праймерлерімен 16S рРНҚ генін секвенирлеу арқылы жүргізілген. GenBank нөмірі: № OQ627023.1
Қолданылу аясы
Гетероцисталардың дифференциациясы мен азот фиксациясын зерттеу; пигменттер, ақуыз, май қышқылдары және басқа метаболиттердің ықтимал көзі ретінде скринингтеу.
Библиография
- Sandybayeva, S.K.; Kossalbayev, B.D.; Zayadan, B.K.; Kopecký, J.; Kakimova, A.B.; Bolatkhan, K.; Allakhverdiev, S.I. Isolation, Identification and Pigment Analysis of Novel Cyanobacterial Strains from Thermal Springs. Plants 2024, 13, 2951. https://doi.org/10.3390/plants13212951
Патенттер және басқа зияткерлік меншік
Жоқ.


