Anabaena variabilis RI-5
Cyanobacteria › Cyanophyceae › Nostocales › Nostocaceae › Anabaena

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
- Оқшаулау орны: Ертіс өзені.
- Тіршілік ету ортасы: тұщы су өзенінің экожүйесі.
- Бөліп алғандар: Заядан Б.К., Акмуханова Н.Р., Садвакасова А.К., Бауенова М.О. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында.
- Коллекцияға түскен жылы: 2016.
- Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Штаммның жағдайы: Аксенді.
Морфологиясы мен құрылымы
Жіпшелі цианобактерия. Трихомаларының жасушааралық перделерінде азды-көпті терең тартылыстары (перетяжки) бар. Жасушалары цилиндрлік, бөшке тәрізді немесе сфералық. Гетероцисталары интеркалярлы (жасушалар арасында орналасқан), жалқы, бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: BG-11₀ ортасы (сұйық және агарланған)
- Температура: +25 °C
- Жарық қарқындылығы: 50–100 мкмоль фотон/м²/с
- Жарық режимі: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
- pH: 7,0–8,0.
Физиологиялық ерекшеліктері
Мезофил, фотоавтотроф.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
сұйық және 1,5–2,0% агарланған минералды BG-11 қоректік ортасында сақталады. Сақтау температурасы: 12–15 °C; жарық қарқындылығы: 5–10 мкмоль фотон/м²/с; жарық режимі: 12:12 сағ (жарық/қараңғы). Дақылды қайта себу әр 3 ай сайын жүргізіледі.
Депонирлеуге қатысты ақпарат
Қазақстан Республикасының Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы берген № 09/12-309 (2016) штаммына арналған депозит сертификаты. Тіркеу нөмірі: RKM 0712.
Генетикалық ақпарат
жоқ
Қолданылу аясы
азотты фиксациялауға қабілетті, биотехнологиялық процестерде қолдануға жарамды. Ауыр металдармен ластанған су экожүйелерін биоремедиациялау және агробиотехнологияда биологиялық препараттар алу үшін перспективті.
Библиография
- Zayadan, B. K., Akmuhanova, N. R., Sadvakasova, A. K., Kirbaeva, D. K., Bolatkhan, K., & Bauyenova, M. O. (2016). Influence of heavy metals on fluorescence activity of perspective strains of microalgae and cyanobacteria. International Journal of Biology and Chemistry, 9(1), 42–45. https://doi.org/10.26577/2218-7979-2016-9-1-42-45
- Zayadan, B., Usserbayeva, A., Bolatkhan, K., Akmukhanova, N., Kossalbayev, B., Baizhigitova, A., & Los, D. (2018). Screening of isolated and collection strains of cyanobacteria on productivity for determining their biotechnological potential. Eurasian Journal of Ecology, 55(2), 121–130. https://doi.org/10.26577/eje-2018-2-823
- Kossalbayev, B. D., Zayadan, B. K., Sadvakasova, A. K., Bolatkhan, K. K., Token, A., & Storay, W. (2020). Study of the effect of nitrogen-fixing cyanobacteria on the growth rate of the Strawberry Sunrise T-4 strawberry variety. Eurasian Journal of Ecology, 64(3), 4–16. https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v64.i3.01
Патенттер және басқа зияткерлік меншік
жоқ


