Chlorella sp.
Chlorophyta › Trebouxiophyceae › Chlorellales › Chlorellaceae › Chlorella

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
- Бөліп алынған орны: Ақтау қаласы, мұнай өңдеу зауытының өндірістік аймағы, өндірістік қондырғылар, M-13 нүктесі (өндірістік қондырғылардың кіреберісінде).
- Тіршілік ету ортасы: мұнаймен ластанған ағынды сулары.
- Бөліп алғандар: Заядан Б.Қ., Даулетова А.А., Болатхан К. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
- Коллекцияға енгізілген жылы: 2024 жыл.
- Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Генетикалық сипаттамалары: Табиғи түр
- Дақылдың жағдайы: аксенді
Морфологиясы мен құрылымы
Жасушалары дара орналасқан, қозғалмайтын, эукариотты типті, шар тәрізді немесе сәл сопақша пішінді, диаметрі 2–10 мкм. Жасуша қабықшасы тегіс, берік, екі қабатты, негізінен целлюлоза мен гемицеллюлозадан тұрады; кейбір штаммдарда гидролизге төзімді альганан биополимері де кездеседі. Шырышты қапшық, тікенектер, өсінділер және талшықтар болмайды. Әрбір жасушада бір ірі қабырға маңында орналасқан тостағанша немесе астауша тәрізді хлоропласт болады, оның ішінде крахмал қабатымен қоршалған бір айқын пиреноид орналасқан. Цитоплазмада бір ядро, митохондриялар, вакуольдер және липидтік қосындылар болады, олардың мөлшері стресс жағдайында артады. Көбеюі тек жыныссыз жолмен жүзеге асады: аналық жасушаның ішінде 2–8 (сирек 16-ға дейін) автоспора түзіліп, кейін аналық жасуша қабықшасы жарылғаннан кейін жас жасушалар босап шығады. Планктонның өлшемдік жіктемесіне (Дюссар шкаласы) сәйкес, штамм нанопланктонға (2–20 мкм) жатады.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: BG-11 ортасы
- Температура: 24–28 °C
- Жарықтандыру қарқындылығы: 60–150 мкмоль фотон/м²/с
- Фотопериод: 16 сағ жарық / 8 сағ қараңғы (16 Ж:8 Қ)
- pH-ы: 6,8–7,5
Физиологиялық ерекшеліктері
Галотолерантты.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
сұйық және 1,5% агарланған минералды BG-11 ортасында субдақыл түрінде сақталады. Сақтау температурасы +4…+8 °C (тоңазытқышта сақтау үшін) немесе +12…+15 °C, жарық қарқындылығы минималды (5–10 мкмоль фотондар/м²/с), жарық режимі: 12 сағат жарық / 12 сағат қараңғылық; тоңазытқышта сақтағанда толық қараңғылыққа жол берілмеуі тиіс. Коллекциялық дақылды қайта себу әр 3 ай сайын жүргізіледі.
Генетикалық ақпарат
GenBank accession №PZ759673
Қолданылу аясы
іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.


