Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-AL-045

Dunaliella salina ZT-1

Chlorophyta › Chlorophyceae › Chlamydomonadales › Dunaliellaceae › Dunaliella

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
  • Оқшаулау орны: Жаңақорған, Қазақстан Республикасы.
  • Тіршілік ету ортасы: емдік балшық және тұзды су.
  • Бөліп алғандар: Заядан Б.К., Тоқтыбай А.К., Болатхан К. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
  • Коллекцияға қабылданған жылы: 2022.
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Дақылдың жағдайы: аксенді.

Морфологиясы мен құрылымы

біржасушалы, қозғалғыш жасыл микробалдыр. Жасушалары сопақша немесе жұмыртқа тәрізді пішінді, алдыңғы бөлігінде орналасқан екі талшығы арқылы қозғалады. Колония түзбейді, жасушалар дара күйінде тіршілік етеді. Жасуша өлшемдері әдетте ұзындығы 8–20 мкм, ені 5–12 мкм аралығында болады. Осыған байланысты штамм орташа өлшемді микроорганизмдер тобына (2–20 мкм) жатады.

Өсіру жағдайлары

  • қоректік орта: Артари минералдық ортасы (сұйық және агарланған)
  • температура: 25–28 °C
  • жарық қарқындылығы: 50–100 мкмоль фотон/м²/с
  • жарық режимі: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
  • pH: 7,5–8,5.

Физиологиялық ерекшеліктері

Галофил

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

Dunaliella salina ZT-1 штаммы сұйық және 1,5–2,0 % агарланған Артари минералдық қоректік ортасында сақталады. Сақтау температурасы 10–12 °C, жарық қарқындылығы 10–20 мкмоль фотон/м²/с, жарық режимі 12:12 сағат (жарық/қараңғы). Дақыл қажеттілігіне қарай, бірақ 2–4 айда кемінде бір рет жаңа ортаға қайта егіледі.

Генетикалық ақпарат

GenBank нөмірі: PX584328

Қолданылу аясы

Штамм іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.

Библиография

  1. Sandybayeva S., Kakimova A., Toktybay A., Akhmetova G., Dauletova A., Salauat D., Bolatkhan K. Study of species composition of algoflora from natural therapeutic mud in Zhanakorgan district // Eurasian Journal of Ecology. – 2024. – Vol. 80, No. 3. – P. 119–129. – DOI: 10.26577/EJE.2024.v80.i3-012.