Chlorella vulgaris U-1
Chlorophyta › Trebouxiophyceae › Chlorellales › Chlorellaceae › Chlorella

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
- Оқшаулау орны: Шығыс Қазақстан облысы, Алакөл көлі
- Тіршілік ету ортасы: Алакөл көлінің ащы сулары
- Бөліп алғандар: Заядан Б.К., Болатхан К. Какимова А.Б. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында.
- Коллекцияға түскен жылы: 2021
- Бөліп алу әдісі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Штаммның жағдайы: Аксенді
Морфологиясы мен құрылымы
Штамм жасушалары шар тәрізді, қабықшасы жұқа, хроматофоры кең белдік тәрізді, вакуольдері анық көрінеді. Жасушалардың диаметрі 1,7–6,7 мкм, кейде 15 мкм-ге дейін жетеді, ал ішінде еншілес жасушалары бар аналық жасушаның диаметрі 28 мкм-ге дейін болады. Жасушалары бір ядролы, жалқы таспа тәрізді қабырғалық (париетальды) хлоропласты бар. Пиреноиды болмайды.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: BG-11 ортасы (сұйық және агарланған)
- Температура: +25 °C
- Жарық қарқындылығы: 50–100 мкмоль фотон/м²/с
- Жарық режимі: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
- pH: 7,5.
Физиологиялық ерекшеліктері
Мезофил, фотоавтотроф.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
сұйық және 1,5–2,0% агарланған минералды BG-11 қоректік ортасында сақталады. Сақтау температурасы: 12–15 °C; жарық қарқындылығы: 5–10 мкмоль фотон/м²/с; жарық режимі: 12:12 сағ (жарық/қараңғы). Дақылды қайта себу әр 3 ай сайын жүргізіледі.
Депонирлеуге қатысты ақпарат
2021 жылы Қазақстан Республикасының «Республикалық микроорганизмдер коллекциясына» депонирленген. Тіркеу нөмірі: RKM 0959
Қолданылу аясы
іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.


