Chlamydomonas reinhardtii CC-137
Chlorophyta › Chlorophyceae › Chlamydomonadales › Chlamydomonadaceae › Chlamydomonas

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Ресей
- Оқшаулау орны: Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Биология ғылыми-зерттеу институты микробиология зертханасының балдырлар культураларының коллекциясы ұсынылған, Санкт-Петербург қ. (CALU)
- Коллекцияға қабылданған жылы: 2001.
- Соңғы анықтама: Заядан Б.К., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология зертханасында, 2024
- Бөліп алу тәсілі: коллекциялық штамм
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Штаммның жағдайы: аксенді
Морфологиясы мен құрылымы
Біржасушалы, пішіні дөңгелек, кең сопақша немесе сәл жұмыртқа тәрізді болып келеді. Жасуша цитоплазмалық мембранамен қоршалған, оған сыртынан анық байқалатын жасуша қабығы жанасады, ал оның сыртқы беті жұқа шырышты қабат түріндегі қорғаныш капсуласымен қапталған. Жасуша құрамында түйіршікті құрылымды бір үлкен тостаған тәрізді хлоропласт орналасқан, оның базальды бөлігінде пиреноид аймағы анық байқалады. Қозғалмалы фазада жасушалар екі изоморфты алдыңғы талшықтардың көмегімен жүзіп, көз дағының (стигманың) арқасында бағытталған фототаксисті жүзеге асырады.
Өсіру жағдайлары
- қоректік орта: TAP ортасы (сұйық және агарланған)
- Температура: 24–28 °C
- Жарықтандыру қарқындылығы: 50–100 мкмоль фотондар/м²/с
- Фотопериод: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
- pH: 7,0–7,5
Физиологиялық ерекшеліктері
Мезофил, автотроф. Биомасса өндірудің оңтайлы өсіру жағдайларында, 7–8-ші күні құрғақ биомассаның 1,0–2,0 г/л мөлшеріндегі заттардың құрамы мынадай болады: ақуыздар – 38–45%, көмірсулар – 40–45%.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
Сұйық және 1,5–2,0% агарланған TAP минералды ортасында сақталады. Сақтау температурасы 10–12 °C, жарықтандыру қарқындылығы 10–20 мкмоль фотондар/м²/с, фотопериод 12:12 сағ (жарық/қараңғылық). Дақылды ауыстырып отыру қажеттілігіне қарай, бірақ 2–4 айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Депонирлеуге қатысты ақпарат
2003 жылы Қазақстан Республикасының «Республикалық микроорганизмдер коллекциясына» депонирленген. Тіркеу нөмірі: A-RKM 0126
Қолданылу аясы
іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.
Библиография
- Чунаев, А. С., Столбова, А. В., Никулина, К., & Заядан, Б. К. (1999). Генетика биосинтеза фотосинтетических пигментов Chlamydomonas reinhardtii. Вестник Санкт-Петербургского университета. Серия 3. Биология, 4(24), 122–131.
- Заядан, Б. К. (2002). Возможности использования микроводорослей Chlamydomonas reinhardtii для генетического мониторинга в искусственной экосистеме. Вестник КазГУ. Серия биологическая, 2(17), 90–94.
- Маторин, Д. Н., Орлова, В. С., Заядан, Б. К., Алексеев, А. А., Гольцев, В. Н., & Горячев, С. Н. (2012). Изучение влияния углеродных нанотрубок на фотосинтез микроводорослей Chlamydomonas reinhardtii с использованием флуориметра М-РЕА2. Естественные и технические науки, (3), 114–116.
- Маторин, Д. Н., Тодоренко, Д. А., Ленбаум, В. В., & Заядан, Б. К. (2013). Влияние наночастиц серебра на фотосинтез зеленой водоросли Chlamydomonas reinhardtii. Вестник КазНУ. Серия биологическая, 59(3/1), 274–276.


